ӨСКЕМЕНДЕ V ХАЛЫҚ СПОРТ ОЙЫНДАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Аталған сайыста қазақ күресінен қызылордалықтардың мерейі үстем болып, жалпы командалық есепте екінші орынды иеленді.
Ағымдағы жылдың 10-14 қыркүйек аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында ҚР Президентінің жүлдесі үшін республикалық V халық спорт ойындары аяқталды. Спорттың 9 түрінен өткізілген ойындарға Қазақстанның 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан 1600-дай спортшы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша тоғызқұмалақтан жекелей есепте Бексұлтан Бостандықов пен Әйгерім Жокелова екінші орынды иеленіп, жалпы командалықта да екінші орынға шықты. Команданың алға шығуына Айнұр Есенова мен Хакімжан Елеусіновтер өз үлестерін қосты.
Президенттік көпсайыста Алла Мян күміс жүлдеге ие болса, Сергей Мещанинов қола медальға қол жеткізді.
Ал жекелей есепте +90 келі салмақта Айбек Серікбаев алтыннан алқа тағынса, 90 келіде Мақсат Исақабылов күміс жүлдені еншіледі. 55 келіде Бауыржан Райсов пен Жанат Мұратова, 60 келіде Дархан Сержанов және +75 келіде Мархабат Ақылбаева қола жүлдегер атанды.