ДЗЮДОШЫЛАР «АБЗАЛ ЖӘНЕ К» ЖҮЛДЕСІНЕ ТАЛАСАДЫ
Кеше Сырдария ауданының Нағи Ілиясов ауылында дзюдодан «Абзал және К» жүлдесі үшін 2001-2002 жылдары туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында республикалық ашық турнир басталды.
Оған 17 салмақ дәрежесінде еліміздің барлық өңірінен, Өзбекстан, Қырғызстаннан 500-ге жуық спортшы қатысуда. Жеңімпаз және жүлдегер спортшылар «Абзал және К» толық серіктестігінің медаль, диплом және бағалы сыйлықтарымен марапатталады. Жарыс екі күнге созылады.