ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ШАХМАТШЫЛАР КОМАНДАСЫ КҮМІС ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ!
8-20 наурыз аралығындаа Ақмола облысының Бурабай курорттық аймағында шахматтан 8-18 жас аралығында ұлдар мен қыздар арасында ҚР чемпионаты өтті.
Айтулы сында шахматтың классика, рапид, блиц түрлері бойынша бақ сынаған жерлестеріміз жалпыкомандалык есепте 2-орынға ие болды. Қыздар арасында 12 жасқа дейін Назерке Нұрғали, 14 жасқа дейін Әсел Серікбай классика мен блицтен бірінші орынды иеленді. 14 жасқа дейінгі қыздар арасында рапид бойынша сынға түскен жерлестеріміз Самал Әбдуәли жеңімпаз атанса, Әсел Серікбай 2-орынды, Сақыпжамал Бармағамбетова 3-орынды иеленді. Шахматтың осы түрі бойынша 8 жасқа дейін қыздар арасында Ақжан Бекзатқызы күміс жүлдені еншіледі.
14 жасқа дейін қыздар арасында блиц түрінен Самал Әбдуәли, классикадан Сақыпжамал Бармағамбетова мен 12 жасқа дейін ұлдар арасында Сұлтан Аманжол 2-орынды иеленді.