ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ БОКСШЫ ҚЫЗДАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ
Шымкент қаласында бокстан жастар мен жасөспірім қыздар арасында өткен Қазақстан чемпионатында жерлестеріміз 1 алтын, 2 күміс, 2 қола медальді иеленді.
Жастар арасында сынға түскен казалылық Аида Оңдаш 81 келі салмақта жеңімпаз атанып, КР спорт шебері нормативін орындады. Қазалы қаласының спортшысы Арайлым Ерназар 81 келі салмақта орынды иеленіп, спорт шеберіне үміткер нормативін орындады.
Жаңақорғандыктар Таңшолпан Алиева 75 келіде, Нұрай Сәрсенбек +81 келіде қола жүлдені еншіледі.
Ал жасөспірімдер арасында өнер көрсеткен қызылордалық Мөлдір Раушанбек 70 келіде орынға ие болды.
Спортшыларды жарысқа Нұрбек Исаев, Жәнібек Аралбаев, Айдос Омирбеков, Бақытбек Құлбаевтар дайындады.