ҚЫЗЫЛОРДАЛЫКТАР ГІР СПОРТЫНАН ӨТКЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖАҚСЫ ӨНЕР КӨРСЕТТІ
Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында гір спортынан өткен Қазақстан чемпионатында жерлестеріміз жақсы өнер көрсетті.
Жастар арасында Нұрсұлтан Көлдеев 68 келі салмақта жеңіс тұғырына көтерілді. Ол 32 келі гір тасын серпе көтеруде 85 рет, жұлқа көтеруде 55 рет көтеріп, нәтижесінде 140 ұпай жинады.
Нұрсұлтан енді мамыр айында Польшада болатын Еуропа чемпионатына және маусымда Астанада өтетін ересектер арасындағы ел чемпионатына қатысады. Нұрсұлтанды жарысқа Жасұлан Өмірбаев дайындады.
Ал ардагерлер арасында +95 келі салмақта сынға түскен Жандаулет Өндірей 230 ұпай жинап, қола жүлдеге ие болды. 85 келіде Мұрат Махамбетов 110 ұпаймен 3-орынды еншілесе, Бағдат Еламанов пен Ерсұлтан Жалғасбаевтар спорт шеберіне үміткер нормативін орындады.