ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰРАМАЛАРЫ ВОЛЕЙБОЛ АЛАҢЫНДА ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ
Жуырда «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының спорт залында волейболдан жарыс өткізілді. Спорттық додаға Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінен 2 құрама команда, Қызылорда облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Қызылорда станциясындағы желілік ішкі істер бөлімі, Қызылорда облысы Мемлекеттік күзет қызметі басқармасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан 5547-әскери бөлімі қызметкерлерінен жасақталған барлығы 7 команда қатысты. Бұл туралы Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Екі топқа бөлінген командалар өзара кездесулер өткізіп, әр топта үздік өнер көрсеткен топтар жүлделі орындарға таласты. Тәртіп сақшылары арасындағы бірлікті, командалық қолдауды нығайтуды мақсат тұтқан бұл спорттық кездесу өте тартысты өтті.
Спорттық бәсекенің қорытындысы бойынша І орынды Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің І құрама командасы иеленіп, жарыс жеңімпаздары атанды. ІІ орынды Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құрамасы қанжығасына байласа, Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің ІІ құрама командасы жарыстың қола жүлдегерлері атанды.
Сондай-ақ жарыс шеңберінде үздік ойыншы, үздік қорғаушы, үздік тосқауыл қоюшы, үздік шабуылшы аталымдары бойынша үздіктер анықталды. «Үздік ойыншы» номинациясына Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінен А.Жақапбаев лайық деп танылса, «Үздік шабуылшы» аталымы бойынша Қызылорда станциясындағы желілік ішкі істер бөлімінен М.Әлсейітов, «Үздік қорғаушы» аталымы бойынша Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінен С.Молдақараев, «Үздік тосқауыл қоюшы» аталымы бойынша Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінен Ж.Абдуаитов марапатталды. Жарыс соңында жеңімпаз командалар мен жүлдегерлер жарыс кубогымен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетерлік жайт, «Динамо» спорт қоғамы - еліміздегі спортты дамытуда ерекше еңбек сіңіріп жүрген іргелі ұйымдардың бірі. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің дене шынықтыруын және арнайы спорттық дайындықтарын жетілдіре отырып, салауатты өмір салты қағидатын дұрыс ұстануын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған іс-шаралардың өткізілуіне бастамашы болып келеді. Облыстық ішкі істер департаменті, Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті сынды ішкі істер органдарының басын біріктіріп отырған спорттық қоғамның ғимараты 1993 жылы қолданысқа берілген. Спорт кешені арнайы волейбол және баскетбол, жасанды шөппен көмкерілген футбол алаңымен, 25 метрлік тирмен, заманауи жаттықтыру аппараттары бар жаттығу бөлмесімен жабдықталған.