ИСЛАМ САЛИМОВ – ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН АЗИЯ-МҰХИТ АЙМАҒЫ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖӘНЕ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ
6-12 наурыз аралығында Дубайда (БАӘ) жеңіл атлетикадан мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Азия-Мұхит аймағы чемпионаты өтті.
Айтулы жарыста ҚР құрама командасы сапында Қызылорда облысынан Ислам Салимов, Еламан Жоламан, Қолғанат Бақбергендер өнер көрсетті. Халықаралық дәрежедеги спорт шебері Ислам Салимов 400 метрге жүгіруден күміс жүлдені иеленсе, 200 метрге жүгіруден қола жүлдені еншіледі. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Ал Еламан Жоламан ядро итеруден 4-орынға ие болса, диск лақтырудан 6-орынға табан тіреп, шеберлігін шыңдады.
Айта кетейік, жарысқа 25 мемлекет спортшылары қатысты. Енді спортшылар 16-21 наурызда Дубайда болатын Гран при FAZZA -2016 лицензиялық халықаралық жарысына қатысады.
Спортшыларды жарысқа жеңіл атлетикадан облыстың аға жаттықтырушысы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Мощеев дайындады.