ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ 3 СПОРТШЫ АЗИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТТАРЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Атырау қаласында самбодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Айтулы жарыста Сыр өңірінің намысын қорғаған жерлестеріміз 3 алтын, 2 күміс, 4 қола медаль иеленді.
56 келі салмақта өнер көрсеткен Жансая Мұрат, +80 келіде Қымбат Тұршабек пен 100 келіде Мақсат Исақабыловтар ел чемпионы атанды. 62 келіде Дархан Сержанов пен 82 келіде Батыр Мұқатаев күміс жүлдені еншілесе, 52 келіде Руслан Қаражігітов, 68 келіде Мақсат Нұрәлиев, 74 келіде Динара Қодарова мен Мереке Құдайбергеновалар чемпионаттың қола жүлдесіне ие болды.
3 спортшы мамыр айында Сеул қаласында (Оңтүстік Корея) болатын Азия чемпионатына және қарашада Софияда (Болгария) өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды.