ТУРНИРДЕ ЕҢ ЖАС ЖӘНЕ ТАРЛАН ОЙЫНШЫЛАР АНЫҚТАЛДЫ
Сырдария ауданында қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан IX республикалық рейтінгілік турнир аяқталды.
Швейцар жүйесі бойынша өткен жарысқа 10-14 жас аралығындағы ұл-қыздар, ерлер мен әйелдер қатысып, олар 9 тур бойынша сынға түсті. Жарысқа Алматы, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Павлодар, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қызылордадан 253 спортшы қатысты.
Турнир нәтижесімен әртүрлі жас шамаларынде үздіктер анықталды. Сондай-ақ «Ең жас ойыншылар» номинациясымен 8 жастағы қазалылық Айым Сәулет пен қызылордалық Әзімхан Махмұтжан, «Тарлан ойыншы» номинациясымен 76 жастағы сырдариялық Тұрғанбай Болғанбайұлы марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом, медаль және бағалы сыйлықтар берілді.