ЖАСТАР АРАСЫНДА ВЕЛОЖАРЫС ӨТКІЗІЛДІ
Қазалы ауданында «Заң Заңғары» ЖШС-ның жүлдесі үшін веложарыс өткізілді. Жарыс Басықара ауылының орталық алаңынан басталып, Әйтеке би кентінің орталығына дейін барлығы 18 км.шақырым жүріп өтті.
Жарыстың негізгі мақсаты аудандағы бұқаралық спортты дамытып, жастар арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру.
Барлығы 125 велоспортшы қатысқан жарыста Әйтеке би кентінің тұрғыны Әбубәкір Ырысбек мәреге бірінші болып жетті. ІІ орынды Майлыбас ауылдық округінің тұрғыны Сүлейменов Жарбол иеленсе, үшінші орынды №249 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы Бекетов Дәурен алды. Сонымен қатар жарыста алғашқы ондықтар қатарында жеңіске жеткен жеңімпаздарға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Фариза ОМАРОВА