ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТЕННИСШІЛЕР БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ
Қызылорда қаласы «Нұрсәт» теннис орталығында «Қызыл доп» облыстық ашық турнирі өтті. Жарысқа Оңтүстік Қазақстан жєне Қызылорда облыстарынан 6-8 жас аралығында ұлдар мен қыздар қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша қызылордалық спортшылар белсенділік танытып, жүлделі орындардан көрінді.Атап айтсақ, ұлдар арасында Ернар Амангелдіге тең келер ешкім болмады. Күміс жүлдені Бауыржан Кеңесбек иеленсе, қола жүлде Зауырбек Амангелдінің еншісінде болды.
Ал қыздар арасында оңтүстікқазақстандық Жәния Тұрсынкүл турнир жеңімпазы атанды. Қос қызылордалық спортшы Жансая Қыдырова екінші орынды, Меруерт Бөрібаева үшінші орынға ие болды.