ҚЫЗЫЛОРДАДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ
Қызылорда қаласында алғыс айту күні мерекесіне орай спартакиада ұйымдастырылды. Спартакиадаға облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты интернат үйлері мен оңалту орталықтарының мүмкіндігі шектеулі азаматтары қатысты.
Оның ішінде: «Балаларға арналған психоневрологиялық интернат үйі», «Психикалық жүйке аурулар интернаты», «Қарттар үйі» және «Ұшқын» мүгедектердің құқығын қорғау және жәрдем беру қоғамдық бірлестігі командалары қатысты. Спартакиаданы ашып беру үшін Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысының орынбасары Айгул Ибраева, қалалық мүгедектер қоғамының төрағасы Дүйсен Бекенов қатысып, спартакиаданы ашып, спорттың 8-түрі бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтар бақ сынасты. Спартакиаданың жабылу салтанаты мерекелік концертпен жалғасып, жүлдегер командаларды марапаттау рәсімі жүргізіліді. Мекемелерге қолдау көрсетіп жүрген азаматтарға, орталықта оңалту шаралары барысында қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан қызмет алушыларға басқарма басшысының алғыс хаты табысталды. Спартакиада Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Мүгедектерге арналған оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің спорт залында ұйымдастырылды.