ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КАРАТЭШІЛЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ!
26-28 ақпанда Ақтөбе қаласында каратэ-додан Әлем чемпионы Әшім Қалидың жүлдесіне арналған XV халықаралық турнир өтті. Дүбірлі бәсекеге Ресей, Қырғызстан және Қазақстаннан 500-ге жуық каратэші қатысып, өзара шеберлік байқасты. Айтулы жарыста облыс спортшылары 5 алтын, 4 қола медальді олжалады.
Облыс құрамасының сапында Дінмұхаммед Әбдіхалық (30 келіден жоғары), Марта Ким (53 келіге дейін), Нұржан Ақпанбет (55 келіге дейін), Әділет Төлеу (61 келіге дейін), Әділет Оралбектер (68 келіден жоғары) жеңіс тұғырына көтерілді.
Ағайынды Қуандық және Сүйіндік Мантайлар (60 келіге дейін), Дінмұхаммед Мейрам (61 келіге дейін) және Азамат Сансызбай (75 келіден жоғары) турнирдің қола жүлдесін иеленді.
Спортшылардың барлығыоблыстық жоғары спорт шеберлігі, №2 облыстық олимпиадалық резервмектептерінде және облыстық каратэ-до федерациясында тәлім алады.