САҚШЫЛАР «ДИНАМО» ҚОҒАМЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ КУБОГЫН САРАПҚА САЛДЫ
Қызылорда облысы аудандық ішкі істер бөлімдері мен ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің құрама командалары арасында «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы төрағасының жүлдесі үшін шағын футболдан жарыс өтті.
Спорттық додаға барлығы 8 команда қатысып, ширек финалға үздік ойын көрсеткен 4 команда суырылып шықты. Тәртіп сақшылары арасындағы бірлікті, командалық қолдауды нығайтуды мақсат тұтқан бұл спорттық кездесу өте тартысты өтті. Спорттық бәсекенің қорытындысы бойынша І орынды Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімінің командасы иеленіп, Қызылорда облысы бойынша «Динамо» ДШСҚ-ның төрағасы атындағы Кубоктың иесі атанды. ІІ орынды Жаңақорған аудандық ішкі істер бөлімінің командасы қанжығасына байласа, ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігі жарыстың қола жүлдегерлері атанды.
Сондай-ақ жарыс шеңберінде үздік қорғаушы, үздік шабуылшы, үздік қақпашы, мерген шабуылшы аталымдары бойынша үздіктер анықталды. «Үздік қорғаушы» номинациясына Жалағаш АІІб Жергілікті полиция қызметінің бастығы Ералиев Ақтау лайық деп танылса, «Үздік шабуылшы» аталымы бойынша Жаңақорған АІІб-нің полицей-жүргізушісі Досымбеков Тоқтар, «Үздік қақпашы» аталымы бойынша ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің учаскелік полиция инспекторы Жүсіпов Аслан, «Мерген шабуылшы» аталымы бойынша қақпаға қатарынан 16 рет доп соққан Жалағаш АІІб-нің Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Өсер Мәулен марапатталды.
Жарыс соңында жеңімпаз командалар мен жүлдегерлер жарыс кубогымен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі