ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖАҚСЫ ӨНЕР КӨРСЕТТІ
23-25 ақпан аралығында Біріккен Араб Әмірлігінде таэквондодан «Фуджейра Опен - 2016» халықаралық жарысы аяқталды. G – 2 дәрежесінде өткізілген жарысқа 17 елдің спортшылары қатысты.
Жастар арасында 46 келі салмақта өнер көрсеткен қызылордалық Динара Әбдіржан жарыс жеңімпазы атанды. 63 келі салмақта Тахир Нәбиев ІІ орын, 49 келіде Ботагөз Қапанова қола жүлде иеленді.
Ересектер арасында Жазира Сапарбек 46 келі салмақта және Айнұр Есбергенова 49 келі салмақта III орындарға ие болды.
Спортшыларды жарысқа Николай Курноскин, Нұрлыбек Сухан, Руслан Тілеулиев, Рашид Сандықбаев және Сламбек Мұсатаевтар дайындады.