КӨРКЕМ ГИМНАСТИКА: «СЫР ЖҰЛДЫЗДАРЫНА - 5 ЖЫЛ»
Әдемі жүріс, ерекше киім үлгісі, ырғақпен қозғалу. Мұның бәрі- көркем гимнастикадан табылады. Бір қуантарлығы, спорттың сұлу түрімен шұғылданатындар қатары Қызылордада күн санап артып келеді, деп жазады «Қазақстан-Қызылорда» арнасы.
Гүлден Бердібек Мәскеуге барып, танымал көркем гимнастшылардан сабақ алған алғашқы қызылордалық. Келешегінен көп үміт күттіретін ол – өзі құралпы құрбыларымен бір топта өнер көрсетеді. Жуырда жекелей сайыста да бағын сынап көрді. Үздіктер көшінен көрінді.
Сыр өңірі атынан түрлі додада өнер көрсетіп жүрген гимнастшылардың тағы бірі – Диана Қанатбек. Көркем гимнастикаға кеш келді, 9 жасынан айналысады. Десе де, қаршадай қыз аз тәжірибесіне қарамастан, қарым-қабілеті мен ерік-жігерінің арқасында ел чемпионаттарында тіпті, халықаралық жарыстан да жүлделі оралған. Тәуелсіз Қазақстанда аталмыш спорттың қанат жаюын Азияның абсолютті чемпионы Әлия Юсупованың атымен байланыстырамыз. Ал, Сыр бойында көркем гимнастика бөлімшесінің ашылғанына биыл 5 жыл толып отыр. Гүлмира Әбсұлтанқызы - облыс бойынша көркем гимнастикадан аға жаттықтырушы. Ол 60-тан аса жеткіншектерге көркем гимнастиканың әліппесінен бастап үйретіп келеді.
Қазір, шәкірттерін үлкен жарысқа дайындауда. Ақпанның 25-сінде Астана қаласында өтетін ел чемпионатында топтық сын бойынша қызылордалық өрендер бірінші рет өнер көрсетеді. Сондай-ақ, 4-і мен 8-ші наурыз аралығында ҚР Кубогі үшін жарыс өтеді. Онда жекелей сында 5 сырбойылық арудың бабы мен бағы сыналады. Ал, наурыз айында Қызылордада алғаш рет көркем гимнастикадан республикалық деңгейде ашық чемпионат өтеді деп күтілуде. Бұл дода «Сыр жұлдыздарының» - 5 жылдық мерейтойына арналмақ.