НӘЛҚОЖА ЕРГЕШБАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛАДЫ
Үстіміздегі жылдың 2-6 наурыз аралығында Қызылорда облысының Тереңөзек кентінде мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан республикалық рейтингілік турнир өтеді.
Сегіз жылдан бері өткізіліп келе жатқан турнирдің мақсаты - ұлттық спорт ойын түрлерін насихаттау, дамыту, Н.Ергешбаевты еске алу, спорттық шеберлікті шыңдау. Республикалық турнирге Астана, Алматы қалалары, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар және Қызылорда облыстарынан 200-ге жуық спортшы бақ сынайды.
Жарыс швейцар жүйесімен классика түрі бойынша жас ерекшеліктеріне қарай өткізіледі. Оған 10, 14 жасқа дейін ұлдар, қыздар және 14 жастан жоғары ерлер мен әйелдер қатысады.
Жарыстың бас төрешісі – ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Айнұр Жақапбаева. Салтанатты ашылуы 2 наурыз күні сағат 10.00, басталуы 11.00.