ЖҰМЫСШЫ ЖАСТАР АРАСЫНДА КІШІ ФУТБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және жұмысшы жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі жұмысшы жастар арасында кіші футболдан облыстық жарыс ұйымдастырды.
Аталмыш футбол жарысы №2 Облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің залында өтті. Жарысқа Қызылорда қаласы мен аудандардан барлығы 8 команда қатысты.
Командалар арасында аудандық ұйымдар мен мекемелерден құралған командалар, «Абзал и К», «Қазақстан темір жолы» АҚ және басқа да кәсіпорындардың командалары бар. Жарыс қорытындысына сәйкес жеңімпаз командалар ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды.
Нәтижесінде, Жаңақорған ауданының "Байкен-U" командасы І орын, "Абзал и К ТС" командасы ІІ орын, Ішкі істер департаментінің командасы ІІІ орынды иеленді.