ШАХМАТШЫЛАР БАҚ СЫНАСТЫ
Шахматтан өткен облыс біріншілігінде Назарбаев зияткерлік мектебінің 8 сынып оқушысы Нұржан Асанов 2-орынды еншіледі, деп хабарлады мектептің баспасөз қызметі.
Шахматтан облыс біріншілігі Қызылорда қаласында №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінде өтті. Швейцариялық түрде өткен шахмат жарысында қала және аудандардан келген 24 ойыншы бақ сынасты. Жарыстың негізгі мақсаты облыс көлемінде шахмат ойынын кеңінен дамыту, саламатты өмір салтын насихаттау болды.
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 4 бірдей оқушысы шахмат тақтасында сайысып, қарсыластарына төтеп берді. Атап айтқанда, 8 сынып оқушысы Нұржан Асанов Қазақстан Чемпионы Мейіржан Бармағамбетовқа небәрі 1 ұпай беріп қойып, нәтижесінде жүлделі ІІ орынға ие болды. Ал 7 сынып оқушысы Рахат Ералиев ойындағы ерекше комбинацияларымен көзге түсіп, облыс біріншілігінің қорытындысы бойынша ІV орынға табан тіреді.
Айта кету керек, жүлделі орындардан көрінген жастардан облыс құрамасы жасақталып, олар жасөспірімдер арасында өтетін шахматтан ҚР-ның Чемпионатына қатысуға жолдама алады.