РИО-2016: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ СПОРТ КИIМIНДЕ ТУДАҒЫ ТҮСТЕР ҚОЛДАНЫЛМАЙТЫН БОЛДЫ
2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетiн ХХХI жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан спортшыларының дайындығы мен қатысуы жөнiндегi шұғыл штабтың отырысы барысында жарысқа қатысатын спортшылардың киiмi таныстырылды, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
«Ер адамдарға арналған спорт киiмi пиджак, шалбар, қысқа жеңдi жейде және галстуктан тұрады. Киiм Бразилияның ауа райы ескерiле отырып жасалған. Пиджак пен шалбар – қою көк, жейде – ақ, ал галстук – сары түстi. Белбеудiң түсi аяқ киiммен түстес, яғни, көк болады. Ал әйелдердiң формасы екi түрлi: бiрi көк түстi көйлек түрiнде болса, екiншiсi бешпет пен белдемше түрiнде. Олар да мойындарына сары түстi жұқа орамал тағады. Формада жаздық туфли де қарастырылған. Бұлардың барлығы бұқаралық шараларға киюге арналған», - дейдi «Казлегпром-Алматы» ЖШС директоры Айбек Бектұрғанов.
Ал «Zibroo» компаниясының директоры Елена Свечникова жаттығу мен жарыстарға киюге арналған спорт киiмiн таныстырды.
«Бiз бiрiншi рет Қазақстан туының түсiн пайдаланбайтын болдық. Бұл ұсынысты жасаған жеңiл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина. Дегенмен, бастапқыда көзiмiз үйренiп қалған сүйiктi түстерден арылу қиын болды. Одан кейiн бiз қыша түс пен көк қара түстердiң үйлесiмiн байқадық. Ендi мiне ерлер мен әйелдерге арналған қыша түс пен көк қара түстi форманы жасап көрдiк. Дегенмен, бұл соңғы нәтиже емес. Түстер әлi де өзгертілуі мүмкiн. Спорт киіміне иыққап пен сөмке қосу жоспарланып отыр», - дейдi Е.Свечникова.
Оның айтуынша, 20 жылдық тәжiрибесi бар Алматыдағы тiгiн фабрикасы 2011 жылғы қысқы Азия ойындары, Сочи Олимпиадасы, Универсиада мен басқа да маңызды жарыстарға киiм тiккен.
Спорт киiмiнiң таныстырылымына Ольга Шишигина, Юрий Мельниченко, Ермахан Ыбырайымов, Серiк Сәпиев секiлдi Олимпиада чемпиондары қатысты. Таныстырылым барысында Ермахан Ыбырайымов чемпиондар спорт киiмiнiң спортшылардың жүрiп-тұрып, жаттығуына ыңғайлы болуын бiрiншi орынға қойғанын айтты.