ЭЛИЗАБЕТ ТҰРСЫНБАЕВА ЖАПОНИЯДА ҚОЛА ЖҮЛДЕНІ ЕНШІЛЕДІ
Қыркүйектің 10-15 аралығында Жапонияның Аичи қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при додасының төртінші кезеңі аяқталды. Аталмыш бәсекеде қызылордалық Элизабет Тұрсынбаева жақсы өнер көрсетіп, қола жүлдегері атанды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
«Ол мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарламада көш бастаса, еркін бағдарламада бесінші орынды иеленіп, қорытындысында 159,38 баллмен, қола жүлдені еншіледі. Элизабет осы бәсекеде Қазақстанның намысын қорғаған жалғыз мәнерлеп сырғанаушы», - делінген хабарламада.
Енді Элизабет 1-5 қазан аралығында Дрезден қаласында (Германия) өтетін Гран-при додасының алтыншы кезеңіне және 14-19 қазанда Ниццада болатын халықаралық жарысқа қатысуды көздеп отыр.