ВОЛЕЙБОЛДАН ДӘСТҮРЛІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР АЯҚТАЛДЫ
Арал қаласында Асхат Ахановты еске алуға арналған волейболдан 2000-2001 жылы туылған жасөспірімдер арасында республикалық турнир аяқталды.
Биылғы жылы бесінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа Ақтөбе, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 29 команда - 300-ге жуық спортшы қатысты. Төрт күнге созылған жарыс қорытындысында ұлдар арасында Шиелі ауданының командасы қатарынан 3-мәрте жеңімпаз атанды. ІІ орынды Ақтөбе облысы Байғанин ауданының құрама командасы иеленсе, ІІІ орынды аралдықтар еншіледі.
Қыздар арасында Ақтөбе облысы Хромтау қаласының спортшылары мықтылықтарын дәлелдесе, күміс жүлде Сырдария ауданына, қола жүлде Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының командасына бұйырды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль, кубоктармен марапатталса, номинация иегерлеріне диплом және естелік сыйлықтар табыс етілді.