ЖЕҢІЛ АТЛЕТТЕР ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ
Өскеменде 17-16 жастағы жасөспірімдер арасында өткен ел чемпионатында Қызылорда облысының №4 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшылары жақсы өнер көрсетті.
Светлана Саунина 3000м қашықтыққа және 2000 м кедергілер арқылы жүгіруден бірінші болып келді. Бекболат Мүслімов 2000 мжәне Азамат Құлдас 800м кедергілер арқылы жүгіруден қола жүлдені еншіледі.
Осы жарыстан кейін Өскеменде жеңіл атлетикадан 18-19 жастағы жастар арасында ел чемпионаты өтті. Жарыста қармақшылық Рахымжан Келманов 2000м кедергілер арқылы жүгіруден жеңімпаз атанса, 3000м қашықтыққа жүгіруден 3-орынды иеленді. Ал қызылордалық Анастасия Щадыло 800 м жүгіруден күміс жүлдені иеленді.
Спортшыларды жарысқа Владимир Лептиков, Наталья Лептикова, Руслан Омаров, Мұрат Кетебаев,Ирина Юнгкинд және Рашида Сарбасовалар дайындады.