РИО-2016: ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСАТЫН СПОРТШЫЛАРЫМЫЗДЫҢ КИІМ ҮЛГІСІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде 2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өтетін XXXI жазғы Олимпиада ойындарында өнер көрсететін спортшыларды спорттық киіммен қамтамасыз етуге орай арнайы құрылған комиссияның 2-ші отырысы өтті, деп хабарлайды BNews.kz.
Ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдегендей, мемлекеттік тапсырысты отандық компанияларға беру жөнінде шешім қабылданды, осылайша қазақстандық өндірушілер қосымша жұмыспен қамтылса, екіншіден бұл қазақстандық үлестің артуына сеп болмақ. Отырыста жалпы талаптар, эскиздер мен отандық киім өндірушілердің ұсыныстары ортаға салынды. Бұл жолы айтылған ескертулер мен енгізілген өзгерістер ескеріліп,спортшылар формасының нақты дизайны белгіленді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейінгі Сочиде өткен қысқы Олимпиада ойындарына барған спортшылардың киімін отандық компания әзірлеген болатын.
Комиссия отырысына Юрий Мельниченко, Ольга Шишигина, Серік Сәпиев сынды танымал спортшылар мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, Ұлттық олимпиада комитеті мен тәуелсіз дизайнерлер қатысты. Комиссия мүшелері киімнің сапасы, дизайны – ең басты талаптар екенін ескертті. Себебі киім спортшылар үшін ыңғайлы болғаны дұрыс.