ВОЛЕЙБОЛДАН ШИНДИН ТУРНИРІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Қызылордада волейболдан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, профессор Николай Шиндинді еске алуға арналған ерлер арасында волейболдан республикалық турнир аяқталды.
Он бірінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарынан 8 команда қатысты. 2 күнге созылған жарыстың финалында «Қорқыт Ата ҚМУ» командасы «Тараз - ТАРМУ»командасын 3:0 есебімен жеңіп, тоғызыншы мәрте турнир жеңімпазы атанды. Оңтүстік Қазақстан облысының «Қарабұлақ» командасы үшінші орынды иеленсе, Түркістан қаласының «МКТУ» командасы төртінші орынды қанағат тұтты.
Сондай-ақ турнирде жақсы өнер көрсеткені үшін бірқатар командалар мен команда ойыншылары алғыс хаттармен марапатталды.
Жеңімпаз және жүлдегер командалар мен номинация иегерлеріне дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.