«ҚАЙСАР» – ТҮРКИЯҒА
Қызылорданың «Қайсар» футбол командасы Түркияның Анталия қаласына аттанды. 25 футболшы осында 4-18 ақпан аралығында оқу-жаттығу жұмыстарына қатысады, - деп хабарлады «Кызылординские вести» газеті.
Сұлтан Әбілдаев бастаған бапкерлік құрам отандық чемпионаттың премьер-лигасында өнер көрсетуге тәжірибесі жеткілікті легионерлер мен аяқдопшыларды іріктейді. Үдеден шығу үшін сапалы ойыншылар қатарын арттыру – басты назарда. Оқу-жаттығу кезінде төрт жолдастық кездес өткізу жоспарланған.
Дегенмен, «Қайсар» жаңа мамандармен толықты. Олар – қызылордалық жанкүйерлерге жақсы таныс, 2015 жылғы Бірінші лиганың үздік бапкері атанған Александр Москаленко. Өткен маусымда ол теміртаулық «Болат АМТ» командасын басқарған болатын.
А.Москаленкомен келісімшарт жасалды. Енді ол «Қайсардың» бас бапкерінің көмекшісі боп қызмет атқарады.