ИЛЬЯ ИЛЬИН: ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА «АЛТЫН» АЛАТЫНЫМА 99,9 ПАЙЫЗ СЕНІМДІМІН
Қазақстанның танымал зілтеміршісі, екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин Анатолий Храпатый атындағы турнирде көрсеткен өнеріне разы екендігін жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
«Екі жыл жарысқа шықпағанымды ескеретін болсақ, бірінші ретке меніңше, барлығы тамаша өтті, - дейді Ильин. - Нәтиже керемет, жұлқа көтеруде біршама келі салмақ қосыппын, күткенімдей болды. Лондоннан кейін жаттығуда серпе көтеруде 185 келіні көтермей келген болатынмын. Осы жолы бірінші рет тарттым. Сондықтан осы жолы өз мүмкіндігімді 100 пайызға көрсеттім деп есептеймін. Бірақ жетілдіруімді қажет ететін тұстар бар. Әлем чемпионаты қарсаңында жақсы көрсеткіштерге қол жеткіземін деп ойлаймын. Біріншілікте барымды саламын, әлем чемпионатында «алтын» алатыныма 99,9 пайыз сенімдімін».
Айта кетейік, Лондон Олимпиадасында 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екі дүркін әлем чемпионы атанған Ильин 105 келіге дейінгі салмақ дәрежесіне өтетінін мәлімдеген болатын. Анатолий Храпатый турнирінде ол 105 келіден астам салмақ дәрежесіндегі спортшылармен жарысқа түсті. Бұл сында жалпы 424 келі салмақ көтерген ол, турнирде 2-ші орынға табан тіреді.
«Өзімді тамаша сезініп жүрмін, турнир алдында 107,4 келі тарттым. Бірақ салмақ қуған жоқпын. Әлем чемпионатына 4 ай қалды. Оған дейін жинақталуым қажет», - деп түйіндеді ол.
«ҚазАқпарат»