«СЕРГЕКТІК ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ - 2016» СПАРТАКИАДАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушы-профессорлары мен қызметкерлері арасында өткен дәстүрлі «Сергектік және денсаулық - 2016» спартакиадасы қорытындыланды, - деп жазады университет сайты.
Сегіз күнге созылған спорт додасында командалар спорттың 8 түрінен бақ сынасты. Спартакиаданың жабылу салтанатында спортшылар университет ректорының, университет кәсіподақ комитетінің, «Сыр сымбаты» спорт клубының Алғыс хаты және арнайы сыйлықтарымен марапатталды. Жас ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеп, дене шынықтыру мен спортты дамытуға елеулі үлес қосып келе жатқан қызметкерлер туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының арнайы Алғыс хатына ие болды. Спорттық сайыста шеберлігімен көзге түскен ойыншылар түрлі номинациялармен марапатталды. Спорттық доданың жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан ұйымдастырушылар «Үздік төреші», «Үздік команда жетекшісі» атанды.
Жалпыкомандалық есепте политехникалық факультет командасының ойыншылары ІІІ орынға тұрақтады. ІІ орын жаратылыстану және аграрлық-технологиялар факультетінің командасына бұйырса, жүлделі І орынды ректорат командасы еншілеп, спартакиаданың ауыспалы кубогын иеленді. Жеңімпаз командалар диплом, арнайы сыйлықтармен марапатталды.