«ПЕТРОҚАЗАҚСТАННЫҢ» ЖҮЛДЕСІ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ
Қызылорда қаласындағы №1 облыстық балалар олимпиадалық резерв мектебінде «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» мұнай компаниясының жүлдесі үшін шахматтан дәстүрлі облыстық ашық турнир болып өтті.
9, 13 және 17 жас санаттарыы бойынша өткізілген жаңажылдық жарысқа облыстың барлық аудандарынан, Байқоңыр қаласы мен Оңтүстік Қазақстан облысынан барлығы 80-ге жуық жас шахматшы қатысты.
Осы орайда «ПҚҚР» АҚ он жылдан аса уақыттан бері аймақта балалар спорт жарыстарын өткіуге әрі мұрындық болып, әрі демеушілік етіп келе жатқаныны айта кеткен жөн. Ол жарыстардың ішінде – мүгедек-балалар арасында өткізілген спартакиада, мектеп оқушылары арасында өткізілген республикалық баскетбол және облыстық футбол турнирлері және басқалары бар.
9 жастағы ер балалар арасындағы жарыс қорытытындылары бойынша көш басында Қасымжомарт Құрманбек тұрса, екінші орынды Нұрислам Кеңесов иемденді, ал үшінші орынға Азамат Әлібеков табан тіреді.
Осы санаттағы қыздар арасында Дінасыл Ғалымжанқызы бірінші орынды жеңіп алды, екінші орын тұғырына Сабина Бармағанбетова көтерілді, үшінші орынды – Ақжан Бекзатқызы олжалады.
13 жастағы ер балалар арасынан Сұлтан Аманжол өзгелерден ерек үздік нәтиже көрсетті, келесі орындарға - Назерке Нұрғали және Мейржан Бармағанбетов жайғасты. Қыздар арасында жүлделі орындарды Сақыпжамал Бармағанбетова, Самал Әбдуәли және Алуа Өткелбай бөлісті
17 жастағы қатысушылар үшін шахмат тәжі... ер балалар арасындағы сайыста бақ сынаған Әсел Серікбайға бұйырды. Екінші орынға Әділет Ерсерік көтерілді. Үшінші орынды Сағыныш Бармағанбетов (Арал) қанжығасына байлады. Қыздар командасында Ақбота Әліпбай қара үзіп, алға шықса, екінші орынды - Арай Абуова иемденді, ал үшінші орынды – Әлия Кеңесова жеңіп алды.
Мерейі үстем түскендерді марапаттау рәсімінде «ПҚҚР» АҚ басқарма төрағасының еңбек ресурстары және әкімшілік жөніндегі орынбасары Суфия Даминова компания атынан жарысқа қатысушыларды жеңістерімен құттықтады. Барлық жас санатындағы ер балалар мен қыздар арасынан дара шыққан жеңімпаздар мен жүлдегерлерге термопоттар, сағат-қабылдағыштар, қабырға сағаттары және грамоталар тапсырылды.
Турнирдің ең жас қатысушылары мұнайшы ағаларынан сыйлыққа қалта телефондарына арналған селфи-моноподтар алды. Аталмыш жүлде келешегінен үміт күттіретін өрендер Тимур Скоморохин, Зейнеп Жаппар, Ақылбек Бармағанбетов және Сабина Жылқайдароваға бұйырды. Бұдан басқа турнирдің барлық қатысушыларына тәттілерден тұратын сыйлықтар табыс етілді.
Әлібек БАЙШҮЛЕНОВ