ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚЫСҚА МАРАФОН ЖАРЫСЫ ӨТТІ
Жаңа 2016 жыл мерекесіне орай, кеше Қызылордада саламатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту мақсатында 150 ге жуық адамның қатысуымен қысқа марафон жарысы өтті, деп хабарлады дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
Аймағымызда бірінші мәрте ұйымдастырылған жарыстың мәре сызығы Қызылорда су торабынан басталып, Жібек жолы көшесімен Абай даңғылы арқылы өтіп, сөре сызығы орталық алаңда аяқталды. Нәтижесінде ерлер арасында жалағаштық Еркін Әбжәмілов бірінші болып келді. Қармақшылық Рақымжан Келманов күміс жүлдені иеленсе, жалағаштық Азамат Бітегенов қола жүлдені еншіледі.
Ал әйелдер арасында Шамшырақ Сержанованың (ішкі істер департаменті) мерейі үстем болса, Ирина Юнгкинд ("Қажымұқан" СК) 2-орынды, Назым Сабыр (мед.колледж) 3-орынға ие болды.