АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА СЫРБОЙЫЛЫҚ 15 СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ
19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтетін XVII Азия ойындарына спорттың 8 түрі бойынша қызылордалық 15 спортшы қатысады.
Олардың қатарында белгілі ауыр атлетик Алмас Өтешов, еркін күрес шебері Дәулет Ниязбеков, дзюдошы Динара Қодарова және тағы басқалар бар. 2010 жылы Гуанжоудағы (Қытай) Азия ойындарында 3 спортшымыз – ауыр атлетикадан Илья Ильин (I орын) мен Дәурен Шәуетеев (III орын), дзюдодан Ғалия Өлментаева (III орын) жоғары деңгейде өнер көрсеткен болатын.
Азия ойындарына 45 елден 13 мың спортшы қатысады деп күтіліп отыр. Спорттың 50 түрі бойынша 439 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстаннан 420 спортшы спорттың 39 түрінен қатысады.