ҚЫЗЫЛОРДАДА МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУДАН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Кеше, "Мұз айдыны" СК-да мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.
Биыл облыста екінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа Астана, Алматы қалалары мен Алматы, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қызылорда облыстарынан 8 команда, 60 спортшы қатысуда.
Жарыстың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреев қатысушыларға сәттілік тілеп, жарысты ашып берді. Одан кейін сөз кезегін алған "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Наурызбай Байқадамов пен жарыстың бас төрешісі Юрий Гуськов дүбірлі додаға қатысушыларды құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Айта кету керек, Элизабет Тұрсынбаева чемпионатта Қызылорда облысының атынын өнер көрсетпек.
Жарыс ережесіне сәйкес бүгін спортшылар қысқа бағдарламада өнер көрсетуде. Ертең еркін бағдарлама бойынша сайыстар болады. Жарыс таңертең 9.00-де басталып, кешкі 20.00-де аяқталады. Жеңімпаздар есімі ертең анықталады.