ҚАЗАҚСТАН 2016 ЖЫЛЫ БЕС ВЕЛОЖАРЫС ӨТКІЗЕДІ
Халықаралық велосипедшілер одағы 2016 жылға арналған веложарыстардың күнтізбесін жариялады. Қазақстан 2016 жылғы веломаусымда «АзияТур» күнтізбесіне енетін бес веложарыс өткізеді. 25.08.2016 — «Өскемен туры» (Tour of Oskemen), 1.2; 29.08.2016 — «Бурабай туры» (Tour of Burabay), 1.2; 12.09.2016 — «Байқоңыр туры» (Tour of Baikonyr), 1.2; 01.10.2016 — «Қапшағай туры» (Tour of Kapshagay), 1.1; 02.10.2016 — «Алматы туры» (Tour of Almaty), 1.1. 1.1 санаттағы «Қапшағай туры» мен «Алматы турына» әлемдік велошабандоздар қатыса алады. Тек қатысушылардың жалпы санының 50 пайызы ғана. Сондай-ақ кәсіби құрлық командалары, құрлық командалары мен ұлттық құрамалар. 1.2 санатта «Өскемен туры», «Бурабай туры» мен «Байқоңыр турында» кәсіби құрлық командалардың велошабандоздары, ұлттық құрамалар және аймақтық командалар мен клубтар қатыса алады.