ИЛЬЯ ИЛЬИН ЕКІ БІРДЕЙ РЕКОРД ЖАҢАРТЫП, ЖЕҢІСІН ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАДЫ
Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Илья Ильин РФ Президенті Кубогында алтын медаль жеңіп алды. Ол бұл жеңісін Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арнады. Ал Александр Зайчиков екінші орын алды.
Жұлқа көтеру жаттығуында Ильин 184 келіні сәтті көтерді, алайда екінші мүмкіндігінде 188 келіні еңсере алмады. Бұдан кейін ол 191 келіге тапсырыс беріп, дегеніне жетті. Зайчиков болса үш мүмкіндігін де сәтті пайдаланып, оның үшіншісінде 190 келі көтерді. Жұлқа көтеру қорытындысында Ильин бірінші, ал Зайчиков екінші орында тұрды.
Серпе көтеруде Зайчиков бастапқыда 210 келіні еңсерді. Екінші мүмкіндігінде 220-ны, ал шешуші сәтте 226 келіні еңсерді. Ильин өз кезегінде бастапқыда 225 келіні, кейін тағы алты келі қосқышып, штанганы басынан асырды. Екінші мүмкіндігінде 246 келіге тапсырыс берді. Бұл - әлем рекорды. Қазақстандық үшінші мүмкіндігінен бас тартты. Екі жаттығудың қорытындысында Зайчиков 416 келіні жинады, ал Ильин 437 келіні жинап, тағы бір әлем рекордын жаңартты.
Алайда марапаттау рәсімінде жарыстың ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының ескі әнұранын қойып, кейін Илья Ильиннің дереу жасаған ескертуінен кейін қазіргі әнұранды қойды.
Айта кетейік, РФ Президенті Кубогында Қазақстан құрамасы осыған дейін екі медальға ие болған еді. Бұған дейін 94 келіге дейінгі салмақта Денис Ұланов пен Светлана Подобедова 75 келіге дейінгі категорияда күміс жүлде алған болатын. Сонымен, Қазақстан құрамасы төрт медаль алып қайтты.