АУЫР АТЛЕТТЕР ЕЛ КУБОГЫН САРАПҚА САЛУДА
Бүгін Қызылордада ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған ауыр алетикадан ерлер мен әйелдер арасында ҚР кубогы басталды, - деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
Оған Алматы қаласы мен облыс орталықтарынан 15 салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынуда. Кубоктың салтанатты ашылуында басқарма басшысы Садық Мұстафаев, ауыр атлетикадан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Меңдіхан Тәпсірұлы, облыстық ауыр атлетика федерациясының президенті Темірхан Кенжебаев және Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешовтер спортшыларға жеңіс тіледі.
Бүгінгі жарыс қорытындысы бойынша қызылордалық Ерасыл Ергенбай II орын, Айсамал Сансызбаева мен Рахымжан Жұбатқанов III орын алды. 105 келі салмақтағы жеңімпазға Илья Ильиннің кубогы мен сертификаты беріледі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 8 желтоқсан күні белгілі болады.