СПОРТҚА ЖАНЫ ҚҰМАР ҚҰТҚАРУШЫ
Салауатты өмір салтын ұстану, ағзаны қалыпты деңгейде сақтау қазіргі түрлі экологиялық аурулардың өршіп тұрған кезінде қиындап барады. Дұрыс тамақтанып, жаттығу жасап, спортты жанына серік еткен адамның ұзағырақ өмір сүретінін ғалымдар дәлелдеген. Осы қағидаларды мүлтіксіз орындаған адам кез келген іске білек түре кірісетін көрінеді. Мұндай жандар Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ қызметкерлері арасында жетерлік.
Өрт сөндіру үшін де физикалық белсенділіктің жоғары болуы маңызды. Сондықтан олар әрдайым дене шынықтырып, спорттық шараларға қатысып, жеңіс тұғырынан көрініп келеді. Ауырып ем іздейтін емес, ауырмайтын жолды іздейтін қызметкерлер қатарының көшін «ӨСжАҚЖҚ» ММ әскери жұмылдыру дайындығы және арнайы жұмыстар бөлімінің бастығы өртке қарсы қызмет майоры Жандаулет Өндірей бастап тұр. Ол 2011 жылы ҚР ТЖМ Талдықорған қаласында өткізілген финалдық жазғы спартакиадасында гір тасын көтеруден 1 орын, 2012 жылы Тараз қаласында өткен ҚР біріншілігінде серпе көтеруден 3 орын, 2010-2014 жылдар аралығында ҚР ТЖМ жазғы аумақтық спартакидаларында 1 орын, ағымдағы жылдың маусым айында Байқоңыр қаласында өткізілген 4-ші халықтар ойындарында Қызылорда қаласының аға жаттықтырушы және қатысушы ретінде қатысып, жекелей сондай-ақ командалық есепте 1 орын, жалпы жарыста болған 7 салмақ дәрежесінде жаттықтырған 5 спортшысы 1 орындарды иеленді. 2010-2014 жылдар аралығында Қызылорда облысы аумағында ұйымдастырылған спорттық жарыст арының барлығының дерлік жеңімпазы.
Төккен тер мен қажырлы еңбектің нәтижесінде 2014 жылдың шілде айында Ақтөбе қаласында өткізілген ҚР біріншілігінде «Спорт шеберлігіне үміткер» нормативін 86 рет серпе және 50 рет жұлқа көтеріп, берілген нормативті мүлтіксіз орындады. Бір сөзбен айтқанда, ол өрт сөндірушілердің бет-бейнесі деуге әбден болады.

Қызылорда облысы ТЖД
«ӨСжАҚЖҚ»ММ баспасөз қызметі
«ӨСжАҚЖҚ»ММ баспасөз қызметі