"ҚАЙСАР" ОЙЫНДАРЫНДА КІМ ҚАЛАЙ ТӨРЕЛІК ЕТТІ?!
2015 жылғы футбол маусымы. Әлбетте, «Қайсар» үшін өте сәтсіз болып, чемпионатты соңғы орын аяқтады. Ал осы ойындарда төрешілер қалай қызмет атқарды? Осы жағын статистикалық тұрғыда сараптаған едік.
Биылғы футбол маусымында «Қайсар» футбол клубының қатысуымен өткен Премьер-лига ойындарында 15 бас төреші қызмет етіпті. Ең көп ойын алматылық Айдын Рахымбаевқа тиесілі. Рахымбаев қызмет еткен төрт ойында қызылордалық команда біреуінде тең ойнап, үшеуінде жеңілістің кермек дәмін татқан екен. Сондай-ақ, биыл «Қайсар» үшін ең сәтсіз төреші болғандардың бірі Сергей Гороховодацкий. Оңтүстік алматылық рефери осы жылы «қасқырлардың» үш кездесуінде қызмет етіп, үшеуінде де жерлестеріміз жеңіліп қалған. «Қайсар» ойыншыларына ең көп сары қағаз көрсеткен де осы арбитр. Үш кездесуде Гороховодацкий 8 рет «Қайсардың» ойыншыларын сары қағазбен жазалаған. Бірақ, айта кетуіміз керек, қарсылас команда ойыншыларына ең көп ескерту жасаған да осы төреші. Биыл «қасқырлар» Премьер-лига ойындарында бір ғана пенальти тепкен болса, соны алып берген де Гороховодацкий.
Осы маусымда Сыр командасы төрт ойында жеңіске жеткен болса, сол кездесулерде астаналық Марат Ысқақов, қостанайлық Анатолий Вишниченко және оралдықтар Болат Қарлыбаев пен Денис Тевяшов қызмет еткен екен.
Назарларыңызға «Қайсардың» 2015 жылғы футбол маусымындағы ойындарында қызмет еткен бас төрешілердің статистикалық кестесін ұсынамыз:
fckaysar.kz