ТЕННИСШІЛЕР – ТҰҒЫР БИІГІНДЕ
Қызылордада өткен «Жасыл доп» облыстық ашық турнирінде қызылордалық теннисшілер тұғыр биігінен көрінді, - деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
Оған жасы онға толмаған оңтүстікқазақстандықтар мен жерлестеріміз қатысты. Қызылордалық спортшылар белсенділік танытып, жүлделі орындар иеленді. Атап айтсақ, Жақас Қозбақ турнир жеңімпазы атанса, Минаж Бекжігіт күміс, Жәдігер Айсұлтан қола медальдармен марапатталды. Қыздар арасында Жібек Әмірәлиеваға тең келер ешкім болмады. Екінші орынды Мадина Манбаева алса, үшінші орынды Айғаным Жүнісова еншіледі.
Спортшылар 23-29 қараша аралығында Алматыда болатын «Алматы Мастерс» турнирінде облыс намысын қорғайды.