ИЛЬЯ ИЛЬИН: «ВЛАДИМИР СЕДОВ СПОРТТЫҚ КАРЬЕРАСЫН АЯҚТАДЫ»
Жақында бұқаралық ақпарат құралдарында ауыр атлетикадан әлем чемпионы Владимир Седов спортпен қоштасқалы жатыр екен деген әр түрлі сыбыс тараған болатын. Осы жайттың анық-қанығын білу үшін командалас әріптесі Илья Ильиннен сұраған болатынбыз.
Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде студенттер арасында есірткіге қарсы акция өткізілді. Осы акцияға шақырылған қонақтардың қатарында екі дүркін Олимпиада чемпионы, шебері Илья Ильин де болды.
Даңқты спортшыдан әуелі АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін кезекті әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың дайындығын сұрадық.
– Жігіттердің дайындығы жақсы. Олар 22 қараша күні мұхиттың арғы жағына ұшатын болады. Менің Қазақстанда қалатынымды өздеріңіз жақсы білесіздер. Үш аптадан кейін Шешенстан астанасы Грозныйда Ресей Федерациясы президентінің кубогы өтеді. Сол жарысқа қатысамын. Ал әлем чемпионатында өнер көрсететін спортшылар нағыз спорттық баптарында. Әсіресе, Алмас Өтешов пен Жасұлан Қыдырбаевты ерекше айтуға болады, – дейді Илья Ильин.
Ал қыздардың дайындығы туралы сұрағанымызда оған жауап бере алмайтынын айтты.
– Қыздар бөлек дайындалады. Бапкерлері де бөлек. Сондықтан олардың дайындықтары туралы ештеңе айта алмаймын. Алтын жүлде әкеледі деп үміттенемін. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан соңғы 8 жылда жоғары деңгейлі өнер көрсетіп жүр ғой, – дейді ол.
Басты сұрақ әрине 2009 жылғы әлем чемпионы Владимир Седовқа қатысты болды.
– Біз соңғы рет көктемде бірлескен жаттығу өткіздік. Содан кейін Володя екеуіміз жеке отырып әңгімелестік. Ол бұдан былай жеке дайындалатын айтты. Одан кейін Талдықорғанда өткен Спартакиаданың алдында хабарластым. «Вова, не істейсің? Спартакиадаға қатысасың ба?» деп сұрадым. Владмир болса, «Жоқ бұл жолы қатыса алмаймын. Мен жарақат алдым», – деп жауап берді. Әрине, әріптесім туралы айту маған да оңай емес. Оның үстіне бұқаралық ақпарат құралдарына. Бұл сұрақ маған бұған дейін де бірнеше рет қойылды. Сондықтан осы жолы шындықты айтуыма тура келіп тұр. Владимир Седов спорттық карьерасын аяқтады, – дейді чемпион.
Өз кезегінде Илья Ильин егер үлкен спортқа қайта оралам десе, бұрынғы әріптесіне әр кезде де ұлттық құраманың есік ашық екенін айтты.
– Егер үлкен спортқа қайта оралам десе, әр кезде де есік ашық. Спортшы немесе бапкер тіпті, менеджер болғысы келсе де қабылдауға дайынбыз. Володяның талантын жоғары бағалаймын. Оның тәжірибесі менен де көп, – дейді Олимпиада жеңімпазы.
БЕК ТӨЛЕУОВ