ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЗЕЙНЕТКЕРІ ОМБЫ ҚАЛАСЫНАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ
Омбы қаласында өткен ХХVІ Халықаралық Сібір марафонынан Қызылорда облысындағы ішкі істер саласының зейнеткері олжалы оралды.
Сайысқа 21 мемлекеттен және Ресейдің 32 өңірінен 7 мыңнан астам марафоншы қатысып, 5, 10 және 42 км, 195 м қашықтықта жүгіруден бақтарын сынады. Қазақстаннан барлығы 79, оның ішінде Қызылорда облысынан 2 адам қатысты.
ІІМ-нің зейнеткері, отставкадағы полиция майоры Абдуали Убайдулдаев 10 км қашықтыққа жүгіруден өз жас шамасында (40-44 жас аралығында) қатысып, 50 минут 55 секундта мәре сызығын кесіп өтті. Үздік нәтиже көрсетіп, алғашқы ондыққа ілінген жерлесіміз 2016 жылдың сәуір айында Алматы қаласында өтетін V Алматы Халықаралық қайырымдылық марафонына және мамыр айында Омбы қаласында болатын «Гандикап» марафонына қатысуға жолдама алды.
Сонымен қатар, аталмыш сайысқа 42 км, 195 м қашықтыққа жүгіруге Сыр өңірінен 52 жастағы Алмас Сағынбаев та қатысып, мәре сызығын 3 сағат 27 минут 32 секундта кесіп, жақсы көрсеткішті бағындыра білді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі