БОКСШЫ ҚЫЗ-ЖІГІТТЕР БӘСЕКЕСІ
Қызылордада бокстан Жалаңтөс Баһадүр бабаны еске алуға арналған республикалық турнир аяқталды.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, оған Астана қаласы, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарынан және Өзбекстан Республикасынан 232 былғары қолғап шебері 23 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды. Жарыс ұлдар арасында 18 салмақта, қыздар арасында 5 салмақта өтті.
Төрт күнге созылған жарыс жүлдегерлері мен номинация иелеріне медаль, диплом және естелік сыйлықтар табысталды. «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясымен байқоңырлық Рахымжан Көлекбаев марапатталса, қыздар арасында Алматы облысынан Анар Қожа, ұлдар арасында өзбекстандық Фархад Ешмағанбетов «Ең үздік боксшы" атанды.
Назерке САНИЯЗОВА