«АСТАНА» ИСПАНИЯ ЧЕМПИОНЫМЕН ТЕҢ ОЙНАДЫ
Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында «Астана» мен испаниялық «Атлетико» клубтары арасындағы «Астана Арена» стадионында өткен қарымта ойын 0:0 есебімен тең аяқталды, деп хабарлайды Bnews.kz.
Алғашқы таймда астаналық футболшылар дүркін-дүркін қарқынды шабуылдар ұйымдастырды. 6-минутта Дмитрий Шомконың доп соғуға мүмкіндігі болған, алайда, испаниялық қорғаушылар өз орнынан табылды. Астаналықтар алғашқы таймның соңына дейін қарсыластың қақпасын ұдайы шабуылдаумен болды. Бірінші таймда есеп ашылмады, төреші де алғашқы 45 минутқа уақыт қоспады. Есеп – 0:0.
Испаниялықтар екінші таймның да басым бөлігін қорғанумен өткізді. 47 минутта Дмитрий Шомко ұзақтан Ян Облак күзеткен қақпаға доп бағыттады, қақпашы орнынан табылды. Астананың қарқынды шабуылдарын тоқтату үшін қарсыластардың жиі тәртіп бұзуына тура келді. Алайда, ескерту қағазын көрсетер төреші табылмады. Нақтырақ айтсақ, Марин Аничичті құлақ-шекеден ұрып құлатқан испаниялыққа ескерту қағазын көрсетуді былай қойғанда, тәртіпті ойнауға да шақырмады.
Қарсыластар сапынан ойындағы жалғыз қауіпті соққыны Антуан Гризманн жасады. 74 минутта сол қапталдан айып алаңына көтерген доп қақпаның маңдайшасына тиіп алаң сыртына шығып кетті.
«Астананың» бапкері Станимир Стойлов соңғы минуттарда ойынды басқа арнаға бұрғысы келген болуы керек, Серікжан Мұжықов пен Джуниор Кабананганың орнына алаңға Георгий Жуков пен Алексей Щеткинді шығарды. Бапкердің бұл ойы түсінікті де еді, Стойловтың «Атлетикоға» гол соқпасақ та «Астана» қақпасына гол салдырмаймыз» деген ниеті орындалды.
Сонымен, астаналық клуб өз жанкүйерлерінің сенімінен шыға білді. Испанияның бірнеше дүркін чемпионы «Атлетико» клубының футболшыларын 90 минут бойы састырып, отанына 1 ғана ұпаймен қайтудан өзге амалдарын қалдырмады.
Айта кету керек, С тобында «Атлетико» 4 ойыннан кейін 7 ұпаймен көш бастады, екінші орында 3 ойында 6 ұпай жинаған «Бенфика» 2-орында келеді, түріктің «Галатасарайы» 4 ұпаймен 3-орында, ал 2 ұпайы бар «Астана» тізімді қорытындылап тұр.
Естеріңізге саламыз, «Астана» клубы 25 қараша күні өз алаңында Лиссабонның «Бенфикасын» қабылдайды.