WBC ГОЛОВКИНГЕ АЙДАҺАР СЫЙЛАДЫ
WBC ұйымы орта салмақта WBA (Super), IBF, IBO және WBC (Interim) тұжырымдарының чемпионы қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин ге айдаһар сыйлады, деп хабарлайды Bnews.kz.
Отандасымызға бұл сыйлық Қытайда өтіп жатқан Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) жыл сайынғы конвенциясы аясында тарту етілді. Сонымен қатар, бұл сыйлыққа украиналық Виктор Постол, швед Баду Джек, мексикалық Хулио Сезар Чавес және басқа да спортшылар ие болды.
Айта кету керек, Головкин бұл жиынға орта салмақтағы WBC тұжырымының чемпиондық белбеуіне бірден-бір үміткер болғандықтан қатысып отыр. Қазір бұл белбеу пуэрториколық Мигель Коттоның иелігінде. Ол 21 қараша күні мексикалық Саул «Канело» Альвареспен жекпе-жек өткізіп, белбеуін қорғайды. Сонымен, бұл кездесудегі жеңімпаз келесі жекпе-жегін отандасымызға қарсы өткізуге міндеттеліп отыр.