ҚЫЗЫЛОРДАДА БОКСТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТЕДІ
5 қараша күні Қызылорда қаласында Жалаңтөс Баһадүр бабамызды еске алуға арналған бокстан 2000-2002 жылдары туылған жасөспірім қыздар мен 2002-2003 жылдары туылған жасөспірім ұлдар арасында республикалық турнир басталады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарыс қыздар арасында 5 салмақта, ұлдар арасында 18 салмақ дәрежесінде өткізіледі. Аталмыш жарыс биыл облыста тоғызыншы мәрте ұйымдастырылуда. Дүбірлі дода 5 қараша күні сағат 14.00-де басталады, салтанатты ашылуы сағат 15.00-де Ж.Баһадүр атындағы облыстық дарынды балаларға арналған спорттық мектеп-интернаттың бокс залында өтеді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімдері 8 қараша күні белгілі болады.