ЕЛБАСЫ ТЕСТІЛЕРІНЕН ҚР ЧЕМПИОНАТЫНДА НАЗЕРКЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ
Біз жеңіл атлетика бойынша Азия мен Қазақстанның екі дүркін жеңімпазы, өрт–құтқару спорты бойынша өткізілген Әлемдік ХІ чемпионаттың қола медалінің жеңімпазы, 50-ден аса грамоталар мен 30 медаль иегері, 12 жарыстың 1-орын жүлдегері Назерке Өмірғалиеваның есімін мақтанышпен айтамыз.
Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назерке 1995 жылы 5 сәуірде Қызылорда қаласында дүниеге келген. Назерке жасқануды білмей, өзін қорғай білетін ару. Мектепте шапшаң қимылдайтын, құрбы қыздары сияқты ол да дене шынықтыру сабағын жақсы көретін.
Назерке әкесімен гитараға қосылып ән айтып, шығыс әуендеріне билейтін. Ол жүгіру жолағымен достасқанда 9 жаста болатын. Ол спорттық үйірмелерге үлкен құлшыныспен атсалысып, қалалық, облыстық жарыстарға қатысып жүрді. Мектеп ішілік жарыстарда үнемі жеңімпаз атанып жүрді. Өмірде жеңіс пен жеңіліс қатар жүретіні сиқты, Назерке қиындықтан тайсалмай, шаршаған кезінде өзін шыдамдылық пен сабырға шақырып отырды.
Жас жүгірушінің спорттағы жетістігін өртке қарсы қызмет спортшылары байқап, Назеркені конкурстық сынақтан өтуге шақырды және өртке қарсы қызметіне жұмысқа тұруға ұсыныс білдірді.
Өткен аптада ғана Назерке Өмірғалиева Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту кезінде веложүгіруден 3 – орынды жеңіп алды. Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы тестілерінен Қазақстан Республикасы чемпионатында Назерке екі медаль жеңіп алды: 100 метрге жүгіруден – екінші орын, гранат лақтырудан – үшінші орын.
Қармақшы ауданы №5 өрт сөндіру бөлімінің радиобайланысшысы өртке қарсы қызмет кіші сержанты Назерке Өмірғалиева Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін өзінің талантымен баурап алды. Жас спортшы өзінің талантымен әлі де талай рет еліміздің қоржынын медалдармен толтыратыны сөзсіз.