«СБЕРБАНК» КУБОГЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Қызылорда қаласында «Қайсар» футбол клубының ұйымдастыруымен 2006 жылғы балалар арасында «Сбербанк» кубогы турнирі өтті.
Жарысқа 38 мектептен қатысқан үздік ойыншылар «Қайсар» футбол орталығына қабылданды. «Қайсар» футбол клубының баспасөз хатшысы Әзиз Жұмаділ хабарлағандай, турнир қарсаңында «Қайсар» ФК, облыстық футбол федерациясы және «Сбербанк» компаниясы үшжақты ынтымақтастық меморандумына қол қойып, облыста балалар футболын дамыту жайлы келісім жасасты.
Осыдан кейін алғашқы турнир өтіп, бір аптаға созылған жарыстың финалдық кезеңі «Локомотив» стадионында болды. Финалдық турнирге сегіз команда қатысты. Оның жетеуі – аймақтық кезеңнің жеңімпаздары, сегізіншісі – іріктеуден өте алмаған командалардың үздік ойыншыларынан құралған құрама команда. Тартысты ойындар нәтижесінде финалға №173 және №176 мектептің балғын балалары жолдама алып, ақтық айқаста жеңіс алғашқыларына бұйырды. Есеп – 2:0. Үшінші орын үшін №235 орта мектеп пен №189 мектептің ұландары таласып, қола жүлдені №235 мектептің оқушылары жеңіп алды.
Қазақстан футбол федерациясының техникалық директоры Евгений Булгаковтың айтуынша, турнирде өздерін жақсы қырынан көрсеткен 40 бала «Қайсар» футбол орталығына қабылданып, аяқдоппен кәсіпқой деңгейде айналысуға мүмкіндік алады.
Сонымен, марапаттау рәсімін «Қайсар» футбол клубының директоры Нұржан Жалғасбаев, «Сбербанк» еншілес банкі Қызылорда қалалық филиалы директорының орынбасары Азат Әбдекеев және «Қайсар» футбол орталығының жетекшісі Ерлан Махамбедиев жүргізіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді «Сбербанк» банкінің арнайы сыйлықтарымен марапаттады. Турнир енді жылына екі реттен өтіп тұратын болады.
- Турнир жоғары деңгейде өтті. Ең бастысы – балалар мәз. Үздіктері «Қайсар» футбол орталығының іріктеу топтарына қабылданып, жаңа жылдан бастап футболмен кәсіпқой деңгейде ай налысуға мүмкіндік алады, - деді «Қайсар» футбол орталығының жетекшісі Ерлан Махамбедиев.