ЖЕТІСУ - ҚАЙСАР. ЖЕҢІЛДІК ДЕГІҢ КЕЛМЕЙДІ
Талдықорғанда «Жетісумен» ойнаған Қызылорданың «Қайсары» 1:0 есебімен ұтып жатып, соңғы минутта жеңісті қолдан беріп қойды. Осылайша биылғы маусымды тым сәтсіз өткізген «қасқырлар» көрінген командадан таланып, чемпионатты соңғы орынмен аяқтап отыр, деп хабарлады «Қайсар» футбол командасының сайты.
Премьер-лигада қаламыз деген үмітіміз соңына дейін сөнген жоқ. Шынын айтсақ, әлі де содан дәмеліміз. Бірақ бұл жолы футболшыларға емес, бапкерлер алқасына емес, жалпы командаға емес, бір тылсым күшке үміттенеміз. Әйтеуір, бір орын бұйырып, пойыздың соңғы вагонына мініп кететін сияқтымыз. Солай болса ғой, шіркін. Премьер-лигадан кеткіміз келмейді. Өйткені, «Қайсардың» Премьер-лигада ойнағанының арқасында Қызылордада дәл қазір футбол ойынын қарыштап тұр. Ал ұшып кетсек, соның барлығы не болатынын ойлаудың өзі қорқынышты... «Қайсарға» бағынышты «Байқоңыр» бар, жәудіреп отырған дубль бар, ары қарай даму-дамымауы бас командаға байланысты болып отырған футбол орталығы бар. Осылардың барлығының ендігі тағдыры «Қайсардың» халіне бағынышты еді. Бәрі жайында қала ма деп қорқасың. Басталған игі бастаманың баянсыз қалуынан бәріне де зардап әкелетіні бесенеден белгілі. Бірінші лигаға түсіп қалар болса, онда қосалқы құрамның болмайтыны бірден анық. «Байқоңыр» да болмауы мүмкін ғой. Ережеге сәйкес бір лигада бір құрылымның екі командасының ойнауға болмайтынын айтпағанның өзінде Бірінші лигада екі командасының болуы кімге керек? Алдымен біреуін қарық қылуды ойламай ма? Енді дамып, қанатын жайып келе жатқан футбол орталығының да зардап шегетінін осы жағдайды бастан кешкен Өскемен, Семей, Орал сияқты басқа аймақтардың жайына қарап-ақ айтуға болады. Ашынғаннан, солардың ендігі тағдырын ойлағаннан осылай жазып отырмыз. Жанайқаймызды Жаратқан естіп, Премьер-лигада қалуымызды жарылқай ма деген үміт қой. Әлі де соған сенеміз. Биылғы командадан қайран болмады дегенімізбен үмітіміз соңына дейін сөнбек емес.