ҚАМШЫБЕК КОРЕЙ ЕЛІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Жерлесіміз Қамшыбек Қонқабаев Оңтүстік Корея елінің Мунген қаласында өткен Дүниежүзілік әскери ойындарында екінші жүлделі орынды жеңіп алды.
Ең беделді спорт ұйымы саналатын Халықаралық әскери ойындар кеңесіне 133 мемлекет мүшелік етеді. Ұйымның ұраны «Спорт арқылы достық» болғандықтан, аталмыш шараның мақсаты да барлық елдердің әскери қызметкерлерінің арасында достық, әріптестік байланысты нығайту арқылы әлемнің тыныштығын сақтау болып отыр.
Сонымен, Оңтүстік Кореяда төрт жыл сайын ұйымдастырылатын сайыс бағдарламасына спорттың 24 түрі енгізіліп, оған 117 елден 7045 спортшы қатысты. Оның ішінде Қазақстан делегациясының құрамы ең үлкен болды.
Қызылорда облысының абыройын асқақтатқан боксшы Қамшыбек Қонқабаев жүлделі екінші орынды жеңіп алды. Жерлесімізді жеңісімен құттықтаймыз!
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА