ВЕЛОСПОРТТАН ҚАЛАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ
Сыр өңірінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған іс-шаралар жалғасын табуда. Айталық, шаһарымызда велоспорттан қалалық чемпионат өтті, деп хабарлады қалалық «Қоғам» арнасы.
Кәсіби спортшылар мен әуесқойлар арасында алғаш рет ұйымдастырылған бәсекеге Қызылорда қаласынан және Қазалы ауданынан 100-ден аса спортшы қатысты. Тасбөгет кентінде таңғы сағат 10-да басталған веложарыс Жібек жолы көшесімен Абай даңғылы арқылы өтіп, Тағзым алаңына да дейін жетті. Жарысқа қатысушылардың жасына шектеу қойылмаған. Олардың ең жасы 15-те болатын болса, ересегі 51 жаста. Кәсіби спортшылар мен қатар әуесқойлар да өз шеберліктерін сынап көрді.
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған бәсекеде қазалылық спортшылардың белсенділігі өте жоғары болды. Жарыс қорытындысы бойынша Тас жол велосипедінен 15-20 жас аралығындағы қатысушылар арасында Қазалы ауданынан келген Жанболат Сәду бірінші орынды жеңіп алса, екінші орын қазалылық Мұрат Байжаханға бұйырды. Қызылорда қаласының велоспортшысы Жәдігер Аманкелді үшінші орынды місе тұтты. Ал, Тас жол велосипедінен 20 жастан жоғары қатысушылар арасындағы бәсекеде қызылордалық Асхат Қабдаш жеңіс тұғырынан көрінді. Сондай-ақ, жарыста «Ең үлкен қатысушы» — 51 жастағы қызылордалық Алмасбек Махамбетов, «Жеңіске деген ынтасы үшін» — Нұрсейіт Әлімсейіт және белсенді қатысқаны үшін — Динара Эшатова, Гаухар Әділова, Бауыржан Қуанышбаевтар марапатталды. Айта кетейік, келесі жарысты наурыз айында өткізуді жоспарлап отыр.