ҚАЗАЛЫДА ҰСТАЗДАР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ОЙЫНДАРЫ БАСТАЛДЫ
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай білім беру мекемелері қызметкерлерінің арасында спартакиада басталды.
Спартакиада спорттың 9 түрінен өткізілмек. Спартакиада барысында аудандағы барлық жалпы білім беру орындарынан 400-ге жуық мұғалімдер қатысуда. Бұл спорттық жобаның ауқымы жыл санап кеңейе түсіп, оған қатысушы мұғалімдер саны көбейіп келеді. Соның нәтижесінде ақтық сынға берілетін жолдама үшін қызықты да тартысты жарыстар өтуде.
Жанқожа батыр ауылында спартакиаданың ашылу салтанаты өткізіліп, спартакиада алауы тұтанды.